- Кәдесый жасалатын материалына қарамастан нәзік күтін керек етеді. Кәдесыйларды жаққыштың немесе жұмсақ ысқыштың көмегімен сүрткен дұрыс.
- Кәдесый тазалау барысында тұрмыстық ағартқыштар мен қырнағыш қылшақтарды пайдалану түсі мен декоративті элементтерінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін, сондықтан оларды қолданбаған абзал.
- Ыдыс жуатын немесе кіржуғыш машинаға салып жууға тыйым салынған.
- Температураның күрт өзгеруі кәдесыйлардың бетінде жарықтың пайда болуына әкелуі мүмкін, сондықтан кәдесыйларды қалыпты температурада ұстаған дұрыс.
-
Кәдесый сақтау ережелері
-
Кәрлен ыдыстар мен ас үйдің керек-жарақтарын пайдалану және сақтау ережелері
- Кәрленнен жасалған ыдыстар мен ас үй керек-жарақтарын жууға арналған бейтарап құралдармен жаққыштың немесе жұмсақ ысқыштың көмегімен жылы суда қолмен жуу қажет.
- Жуылған таза ыдысты жұмсақ мақта сүлгісімен сүртуге кеңес береміз.
- Кәрленнен жасалған ыдыстар мен ас үй керек-жарақтарының сәнін күңгірттенуден сақтап қалу үшін оларды тазалау барысында тұрмыстық ағартқыштар мен қырнағыш қылшақтарды пайдаланбаңыз.
- Алтын декольмен әрленген бұйымдарды шағын толқынды пешке салуға және ыдыс-аяқ жуатын машинада жууға болмайды.
- Бұйымдарды температураның күрт айырмасынан сақтаңыз. Температураның айырмасы бұйымдардың жарылуына және бұзылуына әкеп соғады.
- Ыдыстарды металл бұйымдардың жанасуынан сақтаңыз, олардың жанасуы өзгеше жолақтар мен дақтардың пайда болуына әкеп соғады.
-
Сағатты пайдалану және сақтау ережелері
- Сағатты өзге жеке заттардан бөлек, дұрысы өзінің қаптамасында сақтаған жөн.
- Сағат механизмі үнемі жұмыс істеп тұруы керек, олай болмаған жағдайда ол тоқтап қалып, қосымша реттеуді қажет етуі мүмкін.
- Суға түсер алдында сағатты шешіп қоюға кеңес береміз. Әсіресе, монша немесе душ қабылдар алдында, себебі жоғары температурадағы қызу мен ылғал сағат механизмі мен безендірілген сәндік корпусының қатты зақымдануына әкеп соғуы мүмкін.
- Сағатты құлатып алудан сақ болыңыз. Тіпті аласа жерден құлаған жағдайда да сағат серіппесі ұшып кету мүмкін.
- Сағат механизмінің жиі тексеріліп, тазаланып және майланып тұруы оның сенімді әрі тұрақты жұмысынының негізгі шарты болып саналады. Олармен бірге бір мезгілде сағат жүрісінің нақтылығы реттеліп отырады. Әдетте бұл операциялар үш не төрт жылда бір рет арнайы қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады.
- Сағат тілін артқа бұрмаңыз (жүру бағытына қарсы). Сағат тілін тек жүру бағытына қарай алға бұрыңыз, ал егер артқа бұру қажет болған жағдайда оны асықпай, жұлқусыз жасаңыз.
- 20 және 4 сағаттарының арасында күнді (және апта күнін) ауыстыруға тыйым салынады: бұл уақытта барлық тегершіктер күнді автоматты түрде ауыстыру үшін орындарын алмастырады.
- Циферблат шынысын жарылудан сақтау мақсатында механикалық заттардың соғылуына жол бермеген жөн.
- Назар аударыңыз! Сағат механизміне кез келген сыртқы енулер болған жағдайда, және кепілдік мерзімінде сағатты пайдалану мен сақтау ережелерін бұзу орын алған жағдайда өндірушінің кепілдік міндеттері автоматты түрде жойылады.
-
Хрустальдан жасалған бұйымдарды пайдалану және сақтау ережелері
- Хрустальдан жасалған бұйымдарды құрғақ жерде қораптан басытып ұстаған абзал. Хрустальға кәрленнен жасалған бұйымдарды тазартқандай тазалайды.
- Хрустальдан жасалған ыдыстарды қолданғаннан кейін бірден жуып, тамақ қалдықтарының қышқылын, сірке суын немесе лимон сынды қышқыл тамақтарды т.б. қалдырмаған дұрыс.
- Тамақ қалдықтарын пышақ сияқты өткір қатты заттармен қыруға болмайды.
- Бұйымдарды температураның күрт айырмасынан сақтаңыз. Температураның айырмасы бұйымдардың жарылуына және бұзылуына әкеп соғады.
- Хрусталь бетіне түскен кез-келген нәрсені жай сумен тазартуға болады.
-
Табиғи былғарыдан жасалған аксессуарлар мен басқа бұйымдарды пайдалану және сақтау ережелері
- Былғарыдан жасалған бұйымдарды пайдалану және қолдану ережелері.
- Былғары табиғи материал болғандықтан әрбір бұйымның қайталанбас өзіндік түсі болады. Эксперттер бір түсті былғарының түрлі реңде кездесетінін материалдың табиғи екенінің белгісі ретінде біледі. Табиғи былғарыдан жасалған аксессуарлар мен басқа бұйымдарды қолданған кезде келесі шарттарды ұстанған жөн:
- Табиғи былғарыдан жасалған бұйымдарды сулауға немесе басқа сұйық затқа батыруға болмайды. Су, сабын және мұсатырлы спирттен жасалған ерітіндімен тазартып, бетін жылтырату үшін үпілмәлік майына суланған жұмсақ шүберекпен сүрткен жөн.
- Табиғи былғарыдан жасалған бұйымға су тиген жағдайда оны күн сәулесіне немесе қосымша жылумен кептіруге болмайды, өздігінен бөлме температурасында кептірген дұрыс.
- Еріткіш, химиялық заттар немесе өзге белсенді қоспаларды қолданбаға жөн.
- Пайдалану кезінде көп сүйкеленген жерлерінде із қалуы мүмкін, алайда бұл бұйымның механикалық қасиеттері мен эстетикалық түріне зиян келтірмейді, керісінше бұйымның табиғи материалдан жасалғанын көрсетеді.
- Түсінің өзгеруі мен оңып кету қаупінен сақтау үшін табиғи былғарыдан жасалған бұйымдарды пластикалық пакетте, күн сйулесінің астында сақтауға болмайды.
-
Жібектен жасалған бұйымдарды пайдалану және сақтау ережелері
- Жібек матадан жасалға бұйымдарды сабын мен жуғыш ұнтақ қоспай (керек болса тек арнайы сусабын қосып) тек қолмен жуу керек. Жұқа жібек маталар сабын мен жуғыш ұнтақ әсерінен өңін жоғалтып, құрылымы сыңғыш болып кетуі мүмкін.
- Жібектен жасалған бұйымдарды суға жібітпеген дұрыс.
- Жібек матадан жасалған бұйымды жууып болған соң оны сол температурадағы сумен шайған абзал.
- Жібек матадан жасалған бұйымдар механикалық әсерді жақтыртпайды, әсіресе ылғалды күйінде созып, мыжбай ұстағаныңыз дұрыс, тіпті сыққан кезде де ақырын қағып суын алған жөн.
- Жібек матадан жасалған бұйымдарды кептіру: күн сәулесіне, кепіршіг немесе жуу машинасының ішіне кептіруге болмайды.
- Бұйымның түсін сақтап қалу үшін оны табиғи матадан жасалған, ауа жіберетін қаптамада сақтау керек.
-
Әшекей бұйымдарды пайдалану және сақтау ережелері
- Әшекей бұйымдарды әдемі кейпінде ұзақ уақыт сақтап қалу үшін тек металлдан жасалған элементтерін ғана емес, сонымен қатар декоративті элементтерін, Swarovski кристаллдары мен эмаль жабынын күту керек.
- Әшекей бұйымдарыңызға сабын, шашқа арналған лак, әтір немесе басқа косметикалық заттың тимеуін қадағалаңыз. Уақыт өте олар өңін жоғалтып, оңып кетуі мүмкін.
- Бір-біріне үйкліп бетінде сызық қалмас үшін әрбір бұйымды бөлек қаптамаға салып сақтау керек.
- Фитнес-орталықты, монша немесе бассейнге барар алдым әшекей бұйымдарыңызды шешіп қойған абзал. Хлор, тері, судың тиюі, сонымен қатар жоғары температура бұйымдарға зақым келтіруі мүмкін. Ең бастысы бұйымдарыңызды судың тиюінен сақтаған жөн.
Пікір қосу