СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Ғасырлар жаңғырығы (Қазақ хандығы) суретінің репродукциясы

Артикул: Echo-YG5015/KZ
42 000 ₸    Қоржынға KASPI

    • Репродукцияны жасауға қазақтың белгілі суретшісі Ағымсалы Дүзелхановтың туындысы негіз болды.
    • "Ғасырлар жаңғырығы" картинасында суретші Қазақ хандығының құрылуы және шын мәнінде қазақтың біртұтас ұлт болып тууы деген тарихтағы айтулы сәтке жүгінеді. XV ғасырдың ортасында Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған екі түркі тайпасы (арғындар мен керейлер) Өзбек хандығының қатыгез және зұлым билеушісі Әбілқайыр ханның иелігінен қоныс аударған. Олар арттарынан жіберілген айбарлы Қобыланды батыр басқарған жасақтарға тойтарыс беріп, Жетісуда орнықты. Оларға өз билеушілеріне наразы болған рулар, отбасылар және жеке адамдар қосылды. Көп ұзамай қазақтардың жалпы саны 200 мың адамға жетті. Ал 1465 жылы Түркістан қаласында Жәнібек пен Керей Қазақ хандығының - бостандық сүйгіш, азат халық - қазақ мемлекетінің құрылғанын жариялады.
    • "Ғасырлар жаңғырығы" картинасында суретші Ағымсалы Дүзелханов осынау ұлы оқиғаны көрсетіп, жиылған жұртшылықты шарпыған азаттық рухын жеткізе білді. Суреттің ортасында айбынды хандар Жәнібек пен Керей бейнеленген. Олардың айналасында әр алуан адамдар - ержүрек жауынгерлер, дана билер, ақылгөй ақсақалдар, руханиятты жыраулар, ақ жаулықты аналар бар - олардың барлығын тәуелсіздік пен еркіндік рухы біріктіреді.

Топтама Ұлы Дала әміршілері
МатериалыКенепке басылған түрлі-түсті сурет.
Өлшемі700х550 мм
ҚаптамаСыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік