ИМПЕРИЯ ПОДАРКОВ.
20 лет визитная карточка Казахстана

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

ИМПЕРИЯ ПОДАРКОВ. 20 лет визитная карточка Казахстана

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Барыс қол сағаты

Артикул: WWBars24
195 000 ₸    279 900 ₸ Қоржынға KASPI

    • БАРЫС сағаты - ежелгі сақтардың аң стилі мен дәстүрлі қазақ ою-өрнегінің көркем үйлесімі. Бұл сағат уақыттың қадірін білетіндерге арналған. Барыс бейнесі өмірді, уақытты және әрбір сәтті қорғап тұратын тұмар іспетті. Дәстүрлі ою-өрнек болмыстың айналымы мен тұтастығын бейнелейді. Қазақта өмірдің барлық саласы берекелі болсын деген тілек ретінде айтылатын "Төрт құбылаң тең болсын" деген сөз бар. Жапырағы төрт қошқармүйіз өрнегінен құралған гүл түрінде келген орталық композиция осы игі тілектің көрінісі. Бұл мағынаны үйлесімнің белгісі болып келетін дәстүрлі сегіз қырлы жұлдыз айшықтай түседі. Циферблатта орналасқан Ай фазаларын көрсететін индикатор сағат механизмінің бірегейлігін көрсетіп, сағат иесінің ерекше мәртебесін паш етеді.
    • БАРЫС сағаты - өзіңіз тақсаңыз да, сыйға тартсаңыз да керемет таңдау.

Топтама Барыс
МатериалыКорпусы алтын жалатылған тот баспас болаты, сапфир әйнек. Су өткізбеушілігі: 3 АТМ. Сағат механизмі: 6P24 CITIZEN кварц (Жапония). Бауы "Croco" табиғи былғарысынан жасалған. Таралымы шектеулі.
ӨлшеміКорпусының диаметрі: 40 мм. Бауының ені: 20 мм.
ҚаптамаСыйлық кейсі: лакталған ағаш.

Дүкендерде қолжетімділік

Ұсыныстар

Платок Тулпар

19 920 ₸ 24 900 ₸