ИМПЕРИЯ ПОДАРКОВ.
20 лет визитная карточка Казахстана

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

EMPIRE OF GIFTS. 20 years of being the hallmark of Kazakhstan

Мұрагер панносы

Артикул: Mrgr-3341B/WG/KZ
43 920 ₸    54 900 ₸ Қоржынға KASPI

    • Белгілі суретші Ералы Оспанұлы өз шығармашылығында көшпелі халықтардың бейнелеу дәстүрлеріне сүйенеді. Скифтердің аң стилі айқындығының, ежелгі түріктердің тас мүсіндері статикасының, қазақтардың қолданбалы өнерінің таңбалы ою-өрнектерінің қорытпасы. Мұның барлығы суретшінің туындыларына қайталанбас бірегейлік пен ерекшелікті, өзіндік пластика мен ырғақты, қазақ халқының тарихи мұрасының рухын береді.
    • "МҰРАГЕР" панносы қазақтар үшін маңызды сабақтастық тақырыбын жалғастырады. Дана атадан иығында отырған немересіне мәдениет, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар табысталады. Екі жағындағы ата-анасы ұлының Отанына, халқына деген сүйіспеншілігіне батасын береді, оны болашақ қорғаушысы, мұрагері ретінде көреді.

Топтама Халық рухы
Материалыполистоун, қолмен боялған, киізге басылған сурет.
Өлшемі390х390 мм. Суреттің диаметрі 220 мм. ШЫНЫСЫЗ.
ҚаптамаСыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік

Ұсыныстар