СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы
+7 (771) 553 03 03
+7 (771) 993 93 03
Дәл осы Ұлы Жібек жолы әлем халықтарын шаймен таныстырды. Шай сөзінің қытай тіліндегі мандарин диалектінен шығуы бұған нақты дәлел – «ча». Ағылшынша «Tea» сөзінің тамыры да қытай тіліндегі өзге диалектке апарады. "Ұлы Жібек жолы" шайға арналған шыны-аяқтар жиынтығы Нелли Бубэнің шығармлары желісінде әзірленген, бұл жай ғана ас бөлменің керек-жарағы емес, сізді экзотикалық, қатаң да керемет керуен жолымен таныстыратын нағыз көркем панно. Бұл жиынтыққа кіретін кеселерден шай ішу өзіңізді әп-сәтте керуен сарайынан бір-ақ шығып, жұмсақ бөстектерді жастанып, жантая жатып сергіткіш шай ішіп, өзіңіз сияқты қарсы келе жатқан жолаушылармен сыр шертісіп отырған жаужүрек саяхатшыдай сезінуге мүмкіндік береді. Алтын дақтармен көмкерілген қола түсті қызыл реңдер қазақтың шай қатқан сүтінің түсімен керемет үйлеседі. Жиынтыққа кіретін заттар алтын деколь мен толық түсті баспа технологиясын пайдалана отырып, жоғары сұрыпты Fine Bone China кәрленінен әзірленген. Жиынтық шайнектен, сүт құйғыштан және табағы бар алты кеседен тұрады.
КОНСУЛЬТАЦИЯ Получите индивидуальную помощь в подборе подарков от наших консультантов.
ПОДАРОЧНЫЙ СЕРТИФИКАТ Подарите выбор лучшего подарка, на выбранную вами сумму.
УПАКОВКА EMPIRE Ваш заказ будет элегантно представлен в фирменной упаковке EMPIRE. Если вы собираетесь преподнести его в подарок, добавьте личное сообщение или добавьте персонализацию.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam,