Суреттің басты элементі - қасиетті шаңырақ - отбасының, ошақ жылуының символы. Композицияда үй ішін тіл-көзден сақтаушы - киіз үй әшекейі шашақтар мен әйелдердің бойтұмары саналатын түрлі әшекей бұйымдар әдемі үйлесімділік тапқан. Қасиетті үкінің қауырсындары осынау бірегей дизайнға ерекше көркемдік беріп, суреттің астарлы мағынасын толықтыра түседі. Қазақи ою-өрнектерден құралған суреттің әрбәр элементі көздің жауын алып, ұлттық құндылықтарды паш етеді. Тұмар орамалын заманауи қыз-келіншектердің әсем аксессуары ғана емес, иесін пәле-жаладан қорғайтын бойтұмар ретінде қарауға болады.
Орамал дакрон материалы қосылған жібектен тоқылған, бұл оған ерекше беріктік пен суға төзімділік береді