СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Qazaqstan.Gerb қол сағаты

Артикул: WW-KZGrb
199 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Материалы: Сағат механизмі: CITIZEN 2315-3 Quartz (Жапония). Қалыбы: 316L тот баспас болаты. Әйнегі: сапфир. Суға шыдамдылығы: 3 АТМ. Бауы табиғи былғарыдан жасалған. Сағатта Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасының бедерлі бейнесі, күн терезесі орналасқан. Сағат белгілері мен сағат тілдері көк түсті.
    Өлшемі: Корпусының диаметрі: 40 мм. Бауының ені: 19 мм.

    Qazaqstan. Gerb қол сағаты ұстамдылық пен бекзадалықты бойына сіңіріп, батыл қадамдары мен шешімгерлігі арқылы көп ішінде ерекше көзге түскен тұлғаларға арналған. Сағатта басы артық құрылымдар жоқ, оның болаттай берік қалыбы көңілге сенім, бойға жігер ұялатады. Ондағы жүрісінен жаңылмаған сағат тілі мен ерекше бедерленген рим сандары иесіне дәлме-дәл уақытты нұсқап, қара-көк түстердің өзара үйлесімінде сағат бауының нақышына өң береді. Алайда туындының ең басты кереметі - ел егемендігінің айғағына айналған елтаңба. Туындының барлық мән-мағынасы дәл осы елтаңба бедерінде көрінеді. Жапондық кварц құрылыма сүйене отырып өнім шығаратын "Сіtizen" компаниясының талаптары бойынша дайындалған туынды ұзақ жылдар жетегінде өз жүрісінен жазбай, сөзсіз, сауда нарығында үздік сапасы, көркем нақышымен ерекшеленетін болады. Сіз де сапалы өнім таңдап, өмір сапасының артуына үлес қосыңыз!