СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Барыс шахматы

Артикул: ChBrs
649 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Материалы: Фигуралары: металл, алтын түсті жабын, эмаль. Ойын тақтасы: ағаш, полимер, болат, Дамаск әдісі бойынша 18- және 24-караттық алтын жалатылған пластина.
    Өлшемі: Тақтаның мөлшері: 328х328х58 мм.

    Мінсіз орындалған шахмат мүсіншелері қазақ даласының ер жүрек әскерін бейнелейді. Жасақ сарбаздарының киімі мен қару-жарақтары көненің көзіндей тарихи дәлдікпен орындалған. Бақталастың бағын сынайтын шайқас алаңына түскен сәттен бастап-ақ өзіңізді көне көшпенділер империясының қолбасшысы ретінде сезінеріңіз анық. Шеберлікпен жасалған шахмат жинағы ойыншыны хандық дәуірдің куәсіне айналдыратындай... Дамаск әдісі әртүрлі металларды бір-біріне қалыптап, безендірудің ең байырғы түрлеріне жатады. Ол үшін көбіне алтын мен күмісті қолданып мыс, болат сияқты металлдардың құймасына қалыптаған. Бұл әдістің түп-тамыры ғасырлар қойнауында қалғанымен, қазіргі белгілі атауы орта ғасырларда ғана қалыптасқан. Сол уақыттардағы ең ірі сауда орталықтарының бірі - Сириядағы Дамаск қаласында орналасқан жәрмеңке-базарға шеберлер жан-жақтан өз бұйымдарын алып келетін. Осы жерден тарайтын керуен жолдарының арқасында бұл металл өңдеу әдісі бүкіл әлемге таралып, осы қаланың атымен аталып кетті. Дамаск әдісінің негізін өте жұқа 18 және 24 караттық алтын пластиналардан құралған суретті аса шеберлікпен қолмен жасайтын муарлық өрнек қалайды.