ИМПЕРИЯ ПОДАРКОВ. 20 лет визитная карточка Казахстана

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Sulutor жол жиынтығы

Артикул: Trvl-set-SLTR-XL
69 000 ₸    Қоржынға

Түстері

    • Көшпенділер үшін жол – өмірдің ажырамас бөлігі, еркіндік пен қозғалыстың, жаңа дүниені танудың кеңістігі. Олар сапар үстінде де айналасын әсемдікке бөлеп, әрқайсысы терең мағынаға ие ою-өрнектермен безендірілген бұйымдарды серік еткен.
    • Осы философия EMPIRE брендін саяхатқа арналған жаңа жиынтықтар жасауға шабыттандырды. Sulutor жиынтығының дизайнына бренд суретшілері аттас топтама үшін арнайы әзірлеген ою-өрнектердің түрлі түсті мозаикасы негіз болды. Сиқырлы калейдоскоп секілді нәзік нақыштар өзара үйлесім тауып, көз тартар көркем композиция құрайды.
    • Жиынтықтағы әрбір бұйым әсем әрі қолайлы, сапарда жүрген күндерді жайлы әрі әдемі етеді. Чемоданға арналған тыс жүкті сенімді қорғайды. Сыдырма ілгек тыстың чемоданға ыңғайлы әрі берік бекітілуін қамтамасыз етсе, бүйіріндегі жасырын сыдырмалар чемодан тұтқаларын еркін пайдалануға мүмкіндік береді. Сақтауға арналған матадан тігілген арнайы шағын ғана сөмкесі бар.
    • Пішінді есте сақтайтын эргономикалық жастық мойынға жайлы тірек болып, жол үстінде тынығуға мүмкіндік береді. Дөңгелек пішінді арнайы қап сапар бойы жастықтың пішіні мен тазалығын сақтауға көмектеседі.
    • Жүк трекері чемоданның орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беріп, сапар барысында көңілге сенімділік ұялатады. Қазақы ою-өрнекпен безендірілген экобылғарыдан жасалған сәнді қаптамасы жиынтықтың жалпы дизайнымен әдемі үйлеседі.
    • EMPIRE саяхатқа арналған жиынтықтары – заманауи көшпенділердің әдемі сапары.

Топтама Sulutor
Материалы Чемоданның жабыны: полиэстер; Жастық: нейлон; Тегтер: жасанды былғары
Өлшемі Чемоданның қаптамасы: ені 48–52 см, биіктігі 75–80 см, тереңдігі 30–32 см.
Қаптама Сыйлық қаптама.

Жиынтық құрамы
чемодан қаптамасы, Find Me функциясы бар багажға арналған бирка және саяхатқа арналған жол жастығық.

Дүкендерде қолжетімділік

Топтама

Sulutor

Kaz Modern стилінде жасалған топтама заттары үйіңізді аңыз-әңгімелердің жылулығы мен күйіне толтырады.

Посмотреть