СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Almaty сыйлық жиынтығы

article: GS-MS-Alm
52 000 ₸    Себет

    • Almaty аксессуарлар топтамасы – cүйікті Алматыға деген махаббат сезімі, мың бояулы әсем қаланы аралап, серуендегенмен бірдей. Әр бұйымнан асқақ таулардың самал лебі мен қаланың серпінді ырғағы сезіледі. Топтама Алматының танымал тарихи орындарының жылуын бойына сіңірген.
    • Almaty сыйлық жиынтығы қаланың өзіндік ырғағын әдемі бейнелейді, пішін және функционал арқылы әсерлі жеткізеді. Жиынтықтың маржаны — нәзік беж түстегі тот баспайтын болаттан жасалған термокружка. Алматының көрнекті орындар суретімен безендірілген ол, көз тартып қана қоймай, сусынның температурасын ұзақ сақтауға мүмкіндік береді.
    • Сәнді жібек орамал қаланың визуалды тарихын жалғастырып, әсем қаламызды арала жүрген серуен кезінде туындаған көңіл күй сыйлайды. Жиынтықты Almaty жазуы бар кілтбау толықтырады — бұл композицияға тұтастық пен заманауи қалалық сипат беретін штрих.
    • Almaty сыйлық жиынтығы — ғажап қаланың атмосферасы.

жинақ Almaty
материал Тот баспайтын болаттан жасалған термос, вискоза орамалы
өлшем Орамал: 90х90 см. Термос: 19х8 см.
орау Сыйлық қаптама.

°Состав комплекта°
Орамал және термос

Дүкенде қолжетімділік