СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Tanbaly сыйлық жинағы

article: GS-Tnbl
34 900 ₸    Себет

    • TANBALY - уақыт энергиясын бойына сіңірген топтама.
    • Таңбалы шатқалындағы петроглифтер — жай ғана көне бейнелер емес. Бұл — уақыт кеңістігін кеңейтіп, ерекше сәттердің демін ұстап қалып, идеясын тасқа қашап мәңгілікке сақтап жеткізе білген адамдардың визуалды коды. Біз осы энергияны жинақтың әрбір бұйымына жүктеуге тырыстық.
    • TANBALY сыйлық жинағы біртұтас эстетикада Таңбалы петроглифтері бейнеленген монохромды дизайнмен үйлескен үш бұйымнан тұрады: • салқын дала таңынан бастап жаздың аптабына дейін сусынның температурасын сақтап тұратын, тот баспайтын болаттан жасалған стильді, жеңіл әрі берік термос; • ақ парақты күнделік – ойлар, жоспарлар мен стратегиялық шешімдерге арналған кеңістік. Оның тап-таза беттері – алға қадам басқан жанға ашылатын жаңа мүмкіндік көкжиегі; • әдемі қалам – дәл көне шеберлердің тас бетіне қашап қалдырған таңбасындай көркем із қалдырады.
    • TANBALY — ғасырлар ағымына тәулсіз құндылықтар.

жинақ Сақ аңыздары
материал Тот баспайтын болаттан жасалған термос, жұмсақ мұқабалы дәптер, ұлттық нақыштағы өрнектермен безендірілген металл қалам, көк сиямен
өлшем Дәптер: 24х17 см. Термос: 21,5х8,5 см. 640 мл,
орау Сыйлық қаптама.

°Состав комплекта°
Дәптер, қалам және термос.

Дүкенде қолжетімділік