СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Абай қаламы

article: Pen-AbaiG25
74 900 ₸    Себет

Абай — терең ой мен сөз көркемдігін бағалайтын жандарға арналған әсем қалам. Қанық қара түсті корпусында Абай Құнанбайұлының портреті мен әдемі иірілген көлемді өрнектер бейнеленген. Алтынның жұмсақ жарқылы қаламның иректеріне нұр шашып, оған ерекше әсер береді. …. Табиғи ағаштан жасалған сәнді қорабы оны өзіңізге сыйласаңыз да, құрмет белгісі ретінде басқаларға ұсынсаңыз да ерекше сый-сыйяпат болары анық. …. Қаламдағы Абай бейнесі — терең мәнге ие: оның рухани мұрасы — ой айқындығы, білімге құштарлығы уақыт өтсе де өзекті. Мұндай қаламмен жазу — ойды еркін, байсалды, сенімді өрбітуге септігін тигізеді, ұлы ойшыл қалдырған интеллектуалдық ізденіс рухын жалғастырумен тең. …. ABAI қаламының иесі қашан да парасатты көзқарас танытатын адам болып әсер қалдырады. Бұл аксессуар адам келбетін айшықтап, талғамы келіскен жанды бірден танытатын ерекше эстетиканы бойына сіңірген.

жинақ Абай
материал Жазу аспабы: шайыр, өрнектелген металл.
өлшем кейс: 230х115х60 мм.
орау Сыйлық қорабы: лакталған ағаш, өрнектелген алтын түсті жабын.

Дүкенде қолжетімділік