СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Аңыз панносы

article: DrkCrm/KZ
50 500 ₸    Себет

    • Аңыз қабырға панносы - символдарға толы нағыз өнер туындысы. Ол әлемнің жаратылысы туралы көне аңыз туралы сыр шертеді. Аңыз бойынша, әуелде Жер бетінде шексіз су ғана болған - ұшы-қиыры жоқ мұхит. Сол мұхиттың бетінде бүкіл әлемде жалғыз ғана тіршілік иесі - үйрек қалқып жүреді. Бір күні ол шаршап, су астына сүңгіп, теңіз түбінен сиқырлы інжу тастарын алып шығады. Сол інжу тастар кейін әсем жерлерге айналады.
    • Аңыз панносы - ежелгі даналықтың бейнесі. Мұнда байлық пен молшылықтың белгісі - үйрек, нұр мен ізгілікті бейнелейтін Күн, тазалық пен жаңаруды білдіретін толқындар, молшылық пен махаббаттың нышаны - Ай мен балықтар көрініс тапқан. Ал әсем ою-өрнектер композицияға серпін беріп, кеңістікті ерекше энергетикаға толтырады.
    • Аңыз қабырға панносы - үйлесім мен молшылықтың символы, шаңырағыңызға береке мен жылулық сыйлайтын қасиетті туынды.

материал Керамика, түрлі-түсті эмаль, алтын деколь.
өлшем 50х50 см.
орау Сыйлық қаптама.

Дүкенде қолжетімділік