СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы
+7 (771) 553 03 03
+7 (771) 993 93 03
EMPIRE бренді Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ағымсалы Дүзелхановтың туындысының желісінде жасалған «Ару Астана» көркем панносын ұсынады. Әйгілі суретшінің шығармасымен шабыттанған EMPIRE дизайнерлері Астананың әуенді әрі көпқырлы бейнесіне өзіндік интерпретациясын жасады. Сурет ғасырлық тарихы мен бай мәдени мұрасы бар еліміздің жас астананың келбетін бейнелеумен қатар, серпінді дамып келе жатқан, заманауи қаланың рухын байқатады. Сонысымен бірегей әуенге, мінез бен көңіл-күйге бөлейді. Астананың ең белгілі сәулеттік нысандарын қамтыған бұл көркемдік коллаж, көпұлтты Қазақстанның тарихи құндылықтарына, бейнелі салт-дәстүрі мен бай мәдениетіне деген жаңа көзқарасты қалыптастырады. Панноның қақ ортасында Астананың келбетін білдіретін ару қыз бейнеленген. Ол жас әрі сымбатты, абыройлы әрі сұлу, ол әсемдік пен асылдыққа толы. Ару қыз тамыры Сақ мәдениетінің алтын дәуірінен таралған, Қазақтың ұлттық құндылығы - асыл мұрасымен ұштасып жатқан – алтын жіппен тігілген дәстүрлі ұлттық киімде бейнеленген. Астананың келбеті Ұлы даланың ғасырлық құндылықтарын сақтаған, серпінді даму жолындағы заманауи еліміздің көрінісі.
КЕҢЕС БЕРУ Сыйлық таңдауда біздің кеңесшілеріміздің жеке көмегін алыңыз.
СЫЙЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ Өзіңіз таңдаған сомаға үздік сыйлық таңдауын сыйға тартыңыз.
EMPIRE ҚАПТАМАСЫ Сіздің тапсырысыңыз EMPIRE сәнді фирмалық қаптамасында ұсынылатын болады. Егер сіз оны сыйға тартпақ болсаңыз, жеке хабарламаны қосыңыз немесе атауландыру жасаңыз.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam,