СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Ханшайым сорпа ыдысы

article: Swl-SpBwl3000ml
28 200 ₸    70 500 ₸ Себет KASPI

    • Аспанның айшықты реңкіне шомған сұлу сәуле көл бетіндегі ақтұңғиықтың ажарындай нұрланған "Ханшайым" сервизінде жарқырайды. Ұлттық мәнердің бар байлығын бойына жиған шілтер, даңқ пен дәулеттің дерегін бір өзінің бойына сыйдырған ханшаның алтын тәжі дәуірлер даралығынан хабар беріп, тарих тағылымын дәріптейді.
    • Үш литрлік үлкен көже ыдысы ыстық сорпаны немесе көжені дастарханға салтанатты түрде тартуға арналған. Бүйірінде екі құлағы бар кең әрі терең ыдыс, беті дөңес қақпақпен жабылған, қақпағының тура ортасында сабы бар. Бірінші сұйық тағамдарды тартуға керемет лайық.
    • Ханшайым топтамасы асхана сервизінің дара жиынтықтамасын жинауға немесе кез келген себеп және кез келген қонақ саны үшін сіздің қалауыңыз бойынша сервизді толықтыруға мүмкіндік береді.
    • Үстелді әсемдеудің маңызды элементі болып табылатын Ханшайым топтамасының асхана тоқымасы дастарханыңыздың мерекелік жабдықталуын жоғарғы деңгейге көтереді. Дастархан мен майлықтар, раннерлер мен плейсматтар үстелдің көрнекілігін кейіптеп, мерекелік мәнердің шырайын ашады. Олар күн шапағына шомған топтаманы толықтырып, аса талғампаздықтан туған тұтас көріністің сұлу суретін айқындай түседі.

жинақ Ханшайым
материал Premium Porcelain жоғарғы деңгейлі кәрлені, алтын деколь, табиғи минералды бояулар. Барлық материалдар толық сараптамадан өткен және халықаралық экологиялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді.
өлшем 3000 мл
орау Жеткізу қаптамасы

Дүкенде қолжетімділік