ИМПЕРИЯ ПОДАРКОВ. 20 лет визитная карточка Казахстана
+7 (771) 553 03 03
+7 (771) 993 93 03
ВРЕМЯ EMPIRE
ҰЛЫТАУ сағатының классикалық дизайнында асқақ таудың алып қуаты жасырынған: тікбұрышты корпусы, түзу сызықтар - бос әшекейден ада, байсалды стиль қалайтын адам талғамын айқындайды. Бұл керемет сағатты жасауға шабыт берген - ұлан-байтақ қазақ даласының түп кіндігі, қазақ халқы қасиет тұтқан, аңыз-жырға қосқан, елдіктің нышанындай қараған Ұлытау таулары. Ұлы дала жүрегінде орналасқан бұл өңір, көшпенділер хандарының сүйікті мекені болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан күш пен биліктің символына айналды. Сағаттың циферблатындағы 12 сағат белгісі - Ұлытау өңірінде бой көтерген "Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығы монументінің" стилизациялық бейнесі болып табылады. ҰЛЫТАУ сағаты артық сөзді де, артық детальді де қажет етпейтін айбарлы, абыройлы, беделді адамға лайық. Сағаттың жоғары мәртебесін алтын жалатылған қалыбы мен сапфир әйнегі толықтырады.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam,