СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Ұлы Дала баласы панносы

Артикул: SGS_CV-3360-1313T-print/KZ
79 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Топтама: Сын Великой Степи
    Материалы: Полистоун, қолмен боялған, киізге басылған сурет.
    Өлшемі: 600х500 мм.

    Зеңгір көкпен астасқан шексіз дала - ежелден көшпенділердің ата-жұрты, киелі мекені саналады. Халқымыз кеңдік пен жазықтық, дархандық пен даналық қасиетін бойына сіңіріп, дала құшағында тамыр жайды. Сылдырап аққан бұлақ, сызылта ән салған қыр, толқынды ақ селеу - мұның бәрі дала баласы үшін құнды бейнелер. Дала пен қазақ - ежелден біте қайнасқан құбылыс. Сондықтан "Ұлы дала баласы" - сәйгүлік жалын тартып мініп, домбырадан кие дарытқан өр перзент. "Ұлы Дала баласы" туындысы белгілі суретші Дәурен Қастеевтың шығармасы желісінде жасалған. Бұл панноны тандау арқылы сіз өзіңіздің табиғи болмысыңызға үңілесіз. Сый ретінде ұсынып, жақын адамыңыздың өмірлік мұратын айқындайсыз, көңілін серпіп, қуанышқа бөлейсіз.