СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Жігіттің сұлтаны панносы

Артикул: Qmr-TV-83104-light/QR/KZ
81 000 ₸    Қоржынға

    Топтама: Жігіттің султаны
    Материалы: Polystone, hand-painted, print on felt.
    Өлшемі: 500*600 мм.

    Қазақ қоғамында ер-жігіт ұғымы ежелден үлкен мәнге ие. "Жігітке жеті өнер де аз", "Сегіз қырлы, бір сырлы" деген нақыл сөздер осыған дәлел болса керек. Ал "жігіттің сұлтаны мен сырттаны" деген атаққа білекті де жүректі, өр тұлғалы, ер намысты, сөзіне ісі сай азаматтар ғана тең келеді. Бұл көркем сипат ат үстінде жүріп, найзаның ұшымен, білектің күшімен елін қорғаған батыр бабаларымыз бен жүрген жерін той-думан, мерекеге айналдыра білген сырбаз да сыршыл сал-серілерімізге тән қасиет. Сіз де көркем мінез, жақсы істеріңізбен елдің ықыласына бөленіңіз! Сіз осы абыройлы атаққа лайықсыз! Қыдырың қияласын, Басыңа бақ ұяласын. Өрісің мықты болсын, Несібең тасып тұрсын! Ел ішіне сыйлы боп, Абыройың асып тұрсын! Панно Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал суретші Ағымсалы Дүзелхановтың шығармасы желісінде жасалғын.