СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Көк күмбез шай жинағы

Артикул: TS-Turk2Bl
194 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Материалы: Premium Porcelain кәрлені, алтын деколь, табиғи минералды бояулар.
    Өлшемі: Табақшаның өлшемі 150 мм * 150 мм, кесе көлемі 230 мл.

    Дүниенің жаратылыс сырларын танып, тылсым тұсына үңілуде мұсылман ғалымдары небір ғылыми ашылуларға құлаш сермеді. Дәл мұндай "ашылмаған аралдарға" алғаш аяқ басу арқылы адамзат қоршаған орта құбылыстарын жаңаша танып, оларға тың көзқараста көз тігуге мүмкіндік алды. Аспан әлемінің терең сырлары мен ғылымның түрлі тұңғиықтарына тамыр тартқан әрі адамзаттық мұра ретінде руханият айдынында сәуле шашқан осындай кереметтердің бірі - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Кесененің бой көтеріп, руханият бесігіне айналуының өзі қадым замандардағы дала дүлдүлдерінің ақ ниет, тұнық пейілмен күбірлеген дұғасының нәтижесі, тарих желі қай тұсынан ырғаса да мызғымайтын әлем бейнесінің көрінісі, Жаратушы ұлылығының жұмыр жердегі айғағы. Киелі мекенге сапар шеккен жанның ойы тазарады, бойындағы кемел қасиеттері оянып, санасы ашылады. Бір қарағанда қарапайым өрнек ретінде көзге түсетін ондағы қабырға бояуларының қатпарында бабалар парасаты мен дала даналығының ізі жасырынған. Сонымен, жинақтай айтсақ, "Түркістан" топтамасы - шаңырағыңызды айрықша нұрға бөлеп, жақындарыңызды тіл-көзден қорғайтын заман шындығы, мол мәдени мұрамыздың сарқыты.