СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Alasha сыйлық жинағы

article: GS-Alsh
44 900 ₸    Себет

    • Alasha топтамасы - Шығыстың жарқын шырайы.
    • Дәстүрлі Алаша кілемінің ерекшелігі - қанық түстері мен геометриялық пішіндердің көркем үйлесімділігінде. Қазақ мәдениетінде кілем - өн бойы сырға толған әфсана іспеттес, өйткені қолданылған түстер мен бетіндегі әрбір өрнегінің өзіндік мәні бар. Мысалы, жиегіндегі "бітпес" өрнегі - ұзақ өмірді тұспалдаса, оюлардың қанық түстері бақ-берекенің нышаны саналады.
    • ALASHA топтамасына кіретін бұйымдар заманауи адамның қарқынды өмір ырғағына көне кілемдердің эстетикасы мен ежелгі символдардың тылсым күшін сыйлайды.
    • Қос қабатты жамылғы (плед) таза ауадағы пикниктерге арналған тамаша бұйым. Бір жағы - жайлы атмосфера сыйлайтын жылы флиспен, ал екінші жағы - ылғал өткізбейтін лавсанмен қапталған. Лавсан жабындысы тек тазалықты қамтамасыз етіп қана қоймай, жамылғының төзімділігін де арттырады. Эргономикалық тұрғыдан жете ойластырылған ілгектері мен баулары оны тез жинап, тасымалдауға ыңғайлы етеді.Көлемді термос эстетика мен функционалдылықтың үйлесімінен туындаған. Коллекцияның ерекше өрнегімен безендірілген, тактильді жағымды материалдан жасалған бұл термос жоғарғы термоизоляциалық қасиетке ие. Соның арқасында сүйікті сусындарыңызды қалыпты температурада сақтап, кез-келген жерде сусыннан ләззат алуға мүмкіндік береді.

жинақ ALASHA
материал Көрпе материалы: мақта 90%, полиэстер: 10%.
өлшем Көрпе өлшемі: 150 x 200 см.Термос көлемі: 500 мл.
орау Сыйлық қаптама.

°Состав комплекта°
Көрпе, термос

Дүкенде қолжетімділік