СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Махаббат шай жұбы (1 кісіге)

Артикул: MugG-WrY
24 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Материалы: Premium Porcelain кәрлені, алтын деколь, табиғи минералды бояулар.

    Көлем 350 мл.
    Өлшемі:

    Мейірім мен ізгілікке толы ата тілеуі, әже алақаны, әке өсиеті әрі бесіктегі ана әлдиі - кішкенеден жанымызды жылулықпен қымтап, көңілімізге шұғылалы сәуле түсірді. Әрбіріміздің асыр салып ойнап, кешкісін ата-әже құшағында талықсып ұйықтаған сәтіміздің сипаты секілді көңіл сарайында жаңғырып қалған құдіретті бір сөз бар. Ол - Айналайын... Айналайынды естігенде баршамыз еріксіз балалық мекенге сапар шегеміз, киелі ошақтың жылуына табанымызды төсеп, отбасы мейіріміне бөленген аса ыстық шақты еске түсіреміз. Айналайын - cіздің жандүниеңіздегі тазалықтың кескіні ғана емес, балалық іңкәрліктің естелігі. Қазақ халқы өзінің отбасы құндылығында перзентін жөргек демінен бастап айрықша ықыласпен маңдайынан өпкен, құшырлана иіскеген, оған бар ықыласын аударып, Айналайын деп еміренген. Шығармашыл EMPIRE ұжымы әрбір тұтынушыға қайта айналып келмес сол бір шұғылалы шақтарды сезіндіру мақсатында дарынды творчестволық дуэт - әпкелі-сіңілі Ғалия мен Балқия Құсайыновалардың (ГаБо) шығармалары негізінде жасап шығарған "Айналайын" топтамасы жүрегіңізге тазалық ұялатып, көңіл-күйіңізге шаттық сыйлайды, балалық шақтағы балғын ертегі әлемінің сиқырына бөлейді.