СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Қонақ келсе - құт келер панносы

Артикул: Gst-CV-3360-1313T/KZ
79 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Топтама: Гость
    Материалы: Полистоун, қолмен боялған, киізге басылған сурет.
    Өлшемі: 600х500 мм.

    "Қонақ келсе - құт келер". Қонақжайлық - қазақ халқының дүниетанымының көрінісі, көнеден келе жатқан игі дәстүрі, атадан калған асыл мұрасы. Казақ даласында болған көптеген саяхатшылар атап кеткендей меймандостық ғұрпының негізі - "біздің барлығымыз - бұл өмірде қонақпыз" деген өмірлік ұстанымының көрінісі. Меймандостық - көшпенді өмір тұрмысында өмір сүрудің этикалық заңы болған, ата-бабамыз мұра етіп қалдырған қасиетті салт, дүниетаным бейнесі. Көшпенділер Мейманның жүзінен бейбітшілік хабаршысын, Тәңірінің қалауын жеткізер елшіні, қала берді, кезбе туысын - өзін таныған. Мейманды жылы шыраймен құшақ жая қарсы алып, құрметін көрсете отырып, өзінің де болашақ Мейман ретіндегі мәртебесін айқындай түседі… (Бақыт Қайырбековтың "Қазақи этикет" кітабынан)