СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Қаламқас қол сағаты

article: WWL-Qlm
209 900 ₸    Себет KASPI

Әйелдерге арналған жаңа Қаламқас сағаттары – жинақы, сәнді әрі танымал қалыпта дайындалған. Циферблаттың лазурит тасы түстес терең де тұңғиық реңкі аспан күмбезіндегі ғажайып түнді сипаттап, түн қамытындағы шырақтар – әуе жұлдыздарының әйел бейнесімен үйлесетін ерекше шұғыласын айғақтайды. Егер сіз барлық шартарапты кезіп, ару болмысына тән айрықша сағаттар топтамасын іздесеңіз, сөзсіз, Қаламқасқа назар аударыңыз. Өйткені Қаламқас – қазақ қызының әсем есімі ғана емес, оның қасы-көзі қиылған көркіне тамсанудан туған ерекше сезімдер айнасы. Сондықтан, ЕMPIRE шеберлерінің биік талғамында ширыққан аталмыш туынды уақыт ағынынан бөлек әрбір сәттің бағалы бақыты мен әйел жаратылысының жарқын кезеңдерін дөп басады.

жинақ ?алам?ас
материал Корпусы: алтын түсті тот баспас болат, сапфир әйнек. Су өткізбеушілігі: 3 ATM. Механизмі: CITIZEN 9T13 Quartz (Жапония). Бауы: "Croco"табиғи былғары.

Дүкенде қолжетімділік