СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Ұлы дала сарбаздары шахматы

Артикул: WGS-17B
284 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Материалы: Фигуралар : полистоун, піл сүйегі түстес жабын және “көне күміс” пен “көне алтын” жабыны. Ойын тақтасы: лакталған ағаш, түрлі-түсті сурет, алтын түсті эмаль.
    Өлшемі: 450х350х80 мм

    Тұла бойында тұтас тарих тұнған әрбір шахмат фигурасын қолға алған сайын көңіліңізді асыл тұқымды сәйгүліктің сәулеті, қолына ақиқақ ұстаған қаһарман сарбаздың айрықша болмысы немесе жүрегі түкті ержүрек батырдың бекзат бейнесі баурап ала жөнеледі. Шахмат тақтасындағы шытырман толы бейнелер толғақты тарихтың бұлыңғыр сәті мен сәулелі күнінен хабар жеткізіп, көшпенділер дәулетінің дүбірі тұтас дүниені тіксінткен айбоз шақтарын еске салады. Ұлы көшпенділер ұлысының алғаш шаңырақ көтерген асау жылдарына жетелейді. Шахмат тастарының айрықша әйдіптеліп, ерекше бедерленген мүсіндері дүниетанымыңызды даралап, ой еңбегінің толайым табысына, шетсіз, шексіз ақыл майданының аламанына бастайды. Сонымен қатар, фигуралар шахмат тақтасының жүзінде ғана емес, тұтас тарихтың ажарында сырғып, болмыс-бедеріңізге: салқынқандылық, салмақтылық, сұңғылалық пен сарабдал қырағылық қасиеттерін орнықтырады. Кез келген шаңырақтың шырайын ашып, отырыстардағы түрлі ой аламандарында шабысыңызды ширатады, тереңдік пен парасатқа бастап, ақыл-ой азығына айналады. Қадірменді ағайын, туындымызды таңдап, ҰЛЫ ДАЛА САРБАЗДАРЫМЕН БІРГЕ САНА БИІГІН БАҒЫНДЫРЫҢЫЗ!