СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Әке құшағы панносы

Артикул: AK_568/KZ
74 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Топтама: Объятия отца
    Материалы: полистоун, қолмен боялған, киізге басылған сурет.
    Өлшемі: 500х500 мм. Сурет диаметрі 200 мм.

    Панно танымал қазақ суретшісі Ералы Оспанұлының туындысы негізінде жасалған. Осы бір нәзіктікке толы суреттен көрермен баланы, оның бас киімін, арқасын және баласын ұстап тұрған әкенің қолын көреді. Қолға зер салып қарап көріңізші. Онда қанша махаббат пен қамқорлық жатыр десеңші! Баланың бақытты күлкісі бұған дәлел. Әкесінің құшағында ол сенімді қорғаныста, еркін әрі бейғам өмір сүре алады. Бұл суретке суретші ұлы қасиетті ұғымды сыйдырған - әкенің қамқор құшағында балалар халықтың мыңдаған жылдардан келе жатқан тарихының мұрагеріне айналып, ата-бабасының ізін жалғастырады. Панноға қарап отырып әкесінің құшағында шек жоқ шығар деген ойға кетесің. Және әкесінің құшағынан асқан тыныш әрі қауіпсіз жер жоқ сияқты болып көрінеді. Панно әкеге деген махаббат пен алғысты білдіретін символдық сыйлық болмақ.