СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Арт-панно Қар барысы

article: Frame-BrsOrnS-Sv
690 000 ₸    Себет KASPI

Қар барысы - асқақ шыңды таудың иесі. Оның тұрқы сұлулық пен қуатты, шапшаңдық пен еркіндікті еске салып, көптеген аңыз-әңгімелерге арқау болып санамызға сіңді. Сондықтан да болар, барысқа қатысты құнды мұралардың барлығы терең мәнге ие және аңға деген халықтың ерекше құрметін айғақтап тұрады. Ежелден түркі ұлттары үшін барыс аспандағы құдіретті күштерінің жер бетіне жіберген киелі өкілі саналып, қадым замандардан бері әулет сақтаушысы, киесі бар аң ретінде дәріптеліп келді. Бабамыз да барыс жолықтырсақ, бақ-қуатты ғұмыр кешіп, бақытқа кенелеміз деп сенді. Бүгінгі күні де қар барысы тәуелсіз Қазақ елінің ұлттық ажарына айналып, қоғамдық маңызға ие болған. Қазір аңның ерекше бейнесі ұлтымыздың табиғи және мәдени мұрасын қорғап, бірегейлігін еске салып тұр.

жинақ Барыс
материал Әйнекке көркемсурет басудың бірегей технологиясы, күміспе көмкерілген,
өлшем 95х95 см.
орау Сыйлық қаптама. Арт-панноның ерекше көркемдік құндылығы мен нәзіктігін ескере отырып, оны басқа қалаға жеткізу кезінде сақталуын қамтамасыз ету үшін күшейтілген тасымалдау қаптамасы қажет. Арт-панноны жеткізу құны тасымалдау шарттарына байланысты есептеледі және бөлек төленеді.

Дүкенде қолжетімділік