СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Ханшайымым кофе сервизі

article: CfS-Swl22
280 500 ₸    Себет KASPI

Ханшайым жиынтығында біздің дизайнерлер фарфордың нәзік сызықтарын ұлттық нақышпен біріктірді. Дәстүрлі ою -өрнек өте салмақты әрі жанға жайлылық сыйлайтын күлгін-көкшіл реңде орындалған, бұл ыдыс-аяқ жиынтығының бекзаттығы мен асылдығын ашып көрсетеді. Ханшайым - отбасы, ошақ қасының жайлылығы мен сұлулығына деген дербес, ерекше нәзік қамқорлық. Жақын адамдардың ортасында үйдің жылылыққа толы көңіл-күйінің символы. Жиынтықтың барлық құрамдас бөліктері қорғасын мен кадмий бөлінісіне бақылау- өлшеу зерттеуінен өткен, бұл GB/T45001-2020/ISO45001:208 нөмірлі гигиеналық қауіпсіздіктің халықаралық сертификатымен расталған. Біздің өндіруші компанияның уәкілеттігі мен сенімділігі AEO сертификатымен белгіленген. Бұл жиынтыққа Premium Porcelain фарфоры қолданылған, оның суреттері экологиялық таза минералды бояулармен боялып, алтын декольмен безендірілген. Жинаққа кіреді: табақ өлшемі 160 мм - 6 дана, табақ өлшемі 245 мм, қант ыдысы 400 мл, сүт құмырасы 300 мл, десерт сөресі, табақшасы бар кофе шыныаяқы, сыйлық орамасы.

жинақ Ханшайым
материал Premium Porcelain кәрлені, алтын деколь, табиғи минералды бояулар.
өлшем 6 адамға

Дүкенде қолжетімділік