СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Атажұрт панносы

Артикул: LofF-568/KZ
74 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Топтама: Земля предков
    Материалы: Полистоун, қолмен боялған, киізге басылған сурет.
    Өлшемі: Өлшемі: 600x500 мм.

    "Атажұрт" панносы дарынды суретші, этнограф, ғалым Ералы Оспанұлымен бірлесіп жасалған. Автордың барлық шығармашылығы қазақ халқының мәдени тарихи мұрасына негізделген. Қаһармандар киімі, айналадағы тіршілік заттарының әрбір бөлшегі мұқият тарихи дәлдікпен орындалған. "Атажұрт" шығармасында біз туып өскен, ананың нәзік дауысымен бесікте жатып ұйықтап, оянған ата-бабамыздың жері туралы айтылады. Дана билеушілер мен ақсақал билер басқарған, домбыра мен қобыз үніне ақындардың, жыршылардың, әншілердің әндері шырқалған Отан туралы. Ол үшін шайқасып, жанын қиған ержүрек жауынгерлердің қаны сіңген туған жеріміз туралы. Панноны ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтейтін кез-келген азаматқа немесе шетелде тұратын, ата-бабасының жері - Қазақстанды сағынатын жандарға тамаша сыйлық ретінде беруге болады.