СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Қалыңдық панносы

Артикул: Klndk-568/KZ
74 900 ₸    Қоржынға KASPI

Ғұмырлық жолдасымен өмір даңғылына қадам басуды көздеген қалыңдықтың көңіл толқынысы, жан тебіренісі, өскен өңір, туған үйінен жырақ кетіп, жаңа отаудың құтанасына айналуы - "Сыңсу" әнімен әуеде қалықтап, бақыт бекетіне жол тартады. Қазақ дәстүрінде әшекейлі сәукеле киіп, келін атану - қызғалдақ қыз-ғұмырдың ерекше нұрлы сатысы. Балалық бал-дәуренмен қош айтысып, өмір өткелінің келесі нүктесіндегі киелі "ошақ иесі" атандырар қастерлі құбылыс. Қалыңдықтың іңкәр сезімі, тұнық көңілі, отағасының айнымас серігіне айналып, әулет көрігі атануы - бар қазақ қызына тән абырой-мақтанды бір ортаға тоғыстырған басты міндет. Сөзсіз, қалыңдық - келешек ұрпақ анасы, ұлтымызды ұлылыққа жетелер алыптар тізбегінің туындыгері. Панно танымал қазақ суретшісі Ералы Оспанұлының туындысы негізінде жасалған.

Топтама Халық рухы
Материалыполистоун, қолмен боялған, киізге басылған сурет.
Өлшемі520х440 мм. Суреттің диаметрі: 200 мм.