СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Көктем суретінің репродукциясы (Ағымсалы Дүзелханов)

Артикул: Rp-Ves-BG-GE111-731-B/KZ
34 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Материалы: Кенепке басылған түрлі-түсті сурет.
    Өлшемі: 55х70 см.

    Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткері, дарынды суретші Ағымсалы Дүзелхановтың туындысының репродукциясы. Суретшінің шығармашылық мәнері жарқын кескіндемемен, қанық түстермен, экспрессия мен динамикамен ерекшеленеді. Соның жарқын мысалы - "Көктем" картинасы. Ол табиғаттың жаңаруына алып келген көктемнің жайма-шуақ күнін сипаттап, көрерменге сұлулық пен қуаныш, бақыт сыйлайды. Гүлге толған дала түсінде ойнақтап жұрген құралайлар мен аспанда қалықтаған қарлығаштар бас кейіпкерлер - көркем бойжеткендердің ерке мінезі мен сұлулығын толығтыра түседі. Суретші өз туындыларындағы қазақ қыздарының образына өзінің сүйген жарының арқау болғанын мойындайды. Дегенмен портреттік ұқсастықтан ада, бет-әлпеттері сәл бұлыңғырланған кейіпкерлерден әркім өз сүйіктісін көре алады. Репродукция әдемі қолдан жасалған багетпен жақтаушаланған. Ол жақсы көңіл-күйді, көктемгі құстардың сайрауы мен гүлдердің нәзік хош иісін сыйлап, Сіздің өміріңізге жаңа әрі әдемі өзгеріс әкеледі.