СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Сүрмерген панносы

Артикул: Smrgn-568/KZ
74 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Топтама: Сурмерген
    Материалы: Полистоун, қолмен боялған, киізге басылған сурет.
    Өлшемі: 500х500 мм. Суреттің диаметрі: 200 мм.

    "Қорамсапқа қол салып, қозы жаурын оқ алып" садақ тарту мәдениеті - күллі түркі жұртына тән киелі дәстүр. Аталмыш мәдениеттен сыр шерткен белгілі суретші Ералы Оспанұлының шығармасындағы сүрмерген - көздеген нысанынан қағыс кетпейтін дала жауынгері, қыран көзді қаһарман. Халқымыз қиян-кескі ұрыстарда садақшы жасақтардың құрамына ерекше мән берген. Оларды маңдай шептің алдына қойып, түменбасы сайлаған, төбесіне көтерген. Біздің ұлттық дүниетанымыздағы нағыз батыр - бес қаруы сай азамат. Бұл үдеден шыққан "Сүрмерген" туындысындағы алмас қылыш, болат қалқан, күміс дулығалы ер-азамат - ұлттың мақтаны. Себебі садақшы қашаннан да биік мәдениет пен дала заңына бас ұрған азамат.