СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Арт-панно Қар Барысы

Артикул: Frame-BrsSBlueMount-Sv
390 000 ₸    Қоржынға KASPI

    Топтама: Снежный Барс
    Материалы: Әйнекке көркемсурет басудың бірегей технологиясы, күміспен көмкерілген, Swarovski кристалдармен безендірілген. Қолданылған кристалдар саны: 703 дана.
    Өлшемі: 600х900 мм.

    Қар барысы – асқақ шыңды таудың иесі. Оның тұрқы сұлулық пен қуатты, шапшаңдық пен еркіндікті еске салып, көптеген аңыз-әңгімелерге арқау болып санамызға сіңді. Сондықтан да болар, барысқа қатысты құнды мұралардың барлығы терең мәнге ие және аңға деген халықтың ерекше құрметін айғақтап тұрады. Ежелден түркі ұлттары үшін барыс аспандағы құдіретті күштерінің жер бетіне жіберген киелі өкілі саналып, қадым замандардан бері әулет сақтаушысы, киесі бар аң ретінде дәріптеліп келді. Бабамыз да барыс жолықтырсақ, бақ-қуатты ғұмыр кешіп, бақытқа кенелеміз деп сенді. Бүгінгі күні де қар барысы тәуелсіз Қазақ елінің ұлттық ажарына айналып, қоғамдық маңызға ие болған. Қазір аңның ерекше бейнесі ұлтымыздың табиғи және мәдени мұрасын қорғап, бірегейлігін еске салып тұр.