СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Керуен кәмпит ыдысы

Артикул: GB-CBGrC
24 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Материалы: Premium Porcelain кәрлені, алтын деколь, табиғи минералды бояулар.
    Өлшемі: Көлемі 280 мл, биіктігі 6 см, диаметрі 12 мл

    Empire компаниясы кемік кәрленнен жасалған жоғары сапалы бұйымдарды ұсынады. Қант-кәмпит салуға арналған ыдыстарды сый қобдишасы ретінде де пайдалануға негіз бар. Кәрлен ыдыстардың ажарында бедерленген керемет көріністер сыңар суретшілер ГаБо-ның қылқаламынан туған. Төл туындылар кез келген дастарханның шырайын ашады. Бармағынан бал тамған өнер иелері түрлі бояулар толқынын тізгіндеп, қазақ халқының ұлттық тұрмыс-тіршілігін аса шеберлікпен суреттеген. Нәтижесінде, сезім сиқыры мен ізгілік қасиетінен қайнар алған ғажайып кескіндер дүниеге келіп отыр. Жарқын және жайлы көңіл-күй сезімін сыйлап, шаңырағыңызды жайлылық пен жылулыққа толтыратын өнер туындылары – аяулы сәттер мен тәтті сезімдердің ұйытқысы. Сіз оған жай ғана көз тастай қарағаныңыздың өзінде ерекше әлемнің ішіне енесіз. Жансарайыңызға жылулық ұялап сала береді. Ғалия мен Балқия Құсайыновалар (ГаБо) – егіз сіңлілер, Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері, халықаралық фестивальдар мен байқаулардың лауреаттары мен дипломанттары. Ленинград көркемсурет училищесінің және Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері. Шығармашылық дуэттің мақұлдауымен дүниеге келген ГаБо – өмірді біртұтас түсіну идеясынан туған. Мұндай айшықты ой олардың жұмысын одан әрі жандандырып, тұтас және кәсіби биіктікке жетулеріне серпін беретіні сөзсіз. Суретшілердің жұмыстары Қазақстан, Ресей, Франция, АҚШ, Италия, Мысыр және басқа да елдердің жеке коллекцияларында сақтаулы.