СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Ару-Астана панносы

Артикул: 905-AST
69 000 ₸    Қоржынға KASPI

EMPIRE бренді Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ағымсалы Дүзелхановтың туындысының желісінде жасалған «Ару Астана» көркем панносын ұсынады. Әйгілі суретшінің шығармасымен шабыттанған EMPIRE дизайнерлері Астананың әуенді әрі көпқырлы бейнесіне өзіндік интерпретациясын жасады. Сурет ғасырлық тарихы мен бай мәдени мұрасы бар еліміздің жас астананың келбетін бейнелеумен қатар, серпінді дамып келе жатқан, заманауи қаланың рухын байқатады. Сонысымен бірегей әуенге, мінез бен көңіл-күйге бөлейді. Астананың ең белгілі сәулеттік нысандарын қамтыған бұл көркемдік коллаж, көпұлтты Қазақстанның тарихи құндылықтарына, бейнелі салт-дәстүрі мен бай мәдениетіне деген жаңа көзқарасты қалыптастырады. Панноның қақ ортасында Астананың келбетін білдіретін ару қыз бейнеленген. Ол жас әрі сымбатты, абыройлы әрі сұлу, ол әсемдік пен асылдыққа толы. Ару қыз тамыры Сақ мәдениетінің алтын дәуірінен таралған, Қазақтың ұлттық құндылығы - асыл мұрасымен ұштасып жатқан – алтын жіппен тігілген дәстүрлі ұлттық киімде бейнеленген. Астананың келбеті Ұлы даланың ғасырлық құндылықтарын сақтаған, серпінді даму жолындағы заманауи еліміздің көрінісі.

Топтама Астана
МатериалыМеталл, алтын және күміс түсті жабын, әйнек.
Өлшемі420*355 мм.

Дүкендерде қолжетімділік

Ұсыныстар