СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Ханшайымым бесбармаққа арналған сервизі

Артикул: DS-Swl50
1 086 500 ₸    Қоржынға KASPI

    Топтама: Ханшайым
    Материалы: Premium Porcelain кәрлені, алтын деколь, табиғи минералды бояулар.
    Өлшемі: 6 адамға, 50 дана.

    "Ханшайым" сервизінде аспанның айшықты реңкіне шомылған күн сәулесі нұрлана жарқырайды.. Ұлттық мәнердің бар байлығын бойына жиған шілтер, даңқ пен дәулеттің дерегін бір өзінің бойына сыйдырған ханшаның алтын тәжі дәуірлер даралығынан хабар беріп, тарих тағылымын дәріптейді. "Ханшайым" cәнді топтамасына зер салсаңыз, сөзсіз туындыны нағыз бекзада өнердің сұлтаны дерсіз. Асыл кәрлен мен тоқыма бұйымдар өзара сұлу жымыңдасып, иесінің биік болмысы мен жоғары талғампаздығын әйгілейді. Айшықты мерекеге мән мен сән үстеп, қуаныштың баға жетпес құнын қалыптайды. Топтамаға таңбаланған ұлттық ою-өрнек бедері тектілікке тамыр бойлатып, талғампаздық танытар күлгін-көк реңктермен кейіптеледі. Дастархан мен майлықтар, оған көрік берген жолақтар мен жиек орамалдар үстелдің көрнекілігін кейіптеп, мерекелік мәнердің шырайын ашады. Олар күн шапағына шомған топтаманы толықтырып, аса талғампаздықтан туған тұтас көріністің сұлу суретін сызады. Топтама Premium Porcelain кәрленінен дайындалған, алтын зермен астарланған және табиғи минералды бояуларымен әрленген. "Ханшайым" топтамасы сіздің кез келген тілек-талабыңызды тұтастырып, қуанышыңыздың сипатына сай мерекелік мәнер құруға мүмкіндік береді. Топтаманың әрбір бөлшегі өзіндік бірегейлікке ие әрі сый-cыяпат ретінде де аса бағалы. Ас үйге арналған жиынтық пен шай сервизі қонақ күту мәдениетінің мәйегіне айналып, сән-салтанатыңызды барлық тұрғыдан танытуда қауқарлы. Әйгілі Empire бренді ұсынған топтаманы сатып алу арқылы сіз өз шаңырағыңызға ұлттық сарын мен заман талабынан туған айрықша мәнер дарытасыз! "Ханшайымның" асыл тәжі сіздің патша көңіліңіздің салтанатын сәулеттендіріп, құтты қонағыңыздың көңіл сарайын ашады. Шаңырағыңыздан шаттық, дастарханыңыздан молшылық кетпесін! Жинаққа кіреді: жалпақ табақ 205 мм - 6 дана, табақ 240 мм - 6 дана, түскі ас табақ 270 мм - 6 дана, 245 мм табақ, 2 270 мм табақ, 295 мм табақ, 230 мм сопақ табақ, 305 мм сопақ табақ, 355 мм сопақ табақ, 3000 мл сорпа ыдысы, 240 мм салат ыдысы - 2 дана, табақ 155 мм - 6 дана, кесе 150 мм - 6 дана, пиала 100 мм - 6 дана, бас табақ 400 мм, шөміш, тұз бен бұрыш жинағы, тұрғауыш. Тасымалдау қаптама.