СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Түркуаз шай сервизі

Артикул: TS-TRK2
169 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Материалы: Premium Porcelain кәрлені, алтын деколь, табиғи минералды бояулар. 6 кісіге арналған сервиз, 9 бұйым.
    Өлшемі: шайнек-d-16 см; шыныаяқ-d-11 см; шай табақшасы- d 16 см.; сүтке арналған ыдыс-d-9,5 см; қант ыдысы-d-11 см.

    Жан тебірентер әңгіменің арасындағы қағытпа қалжың, жанға жайлы сыр-сұхбат әсерлі дала сазымен үйлесім тауып, жел жетелеген алыстарға самғайды. Самал жел жетелеген соншалықты таза, кіршіктіз пейіл-ниеттің көрінісіндей кеңқолтық отырысқа буы бұрқыраған шай исі сіңген секілді. Алыстағы ақ дастарханды көмкерген әсем өрнекті кеселер, келісті оюмен кестелеген қантсалғыш, ақты айрықша қадірлеген қауымның бар асқақ танымын баян еткен сүт құйғыш шаңыраққа ерекше шырай беріп тұр. Сыры мен сыны қанық кеселердің алтын бедері күн нұрына шомып, қонақтың жансарайына шуақ сыйлайды. Үй иесінің дархандығы мен кеңдігін паш етеді. Ақсүйектік мәдениеттің сарқытындай болған ақ шәйнек болмысы бекзада, заты асыл жандардың кәусар бұлағын ғана емес, асқақ армандарын тасытады, жігерін жонады. Сіздерге ұсынылып отырған "Туркуаз" сервизі - ақсүйектік мәнердің мақамын сақтай отырып, шеберханамызда шыңдалған, шеберлердің қолында шираған құтты өнім. Өнім жанға жайлы отырыстарда өзіндік биік талғамыңызды, кең көзқарасыңыз мен айрықша ой-өрісіңізді айғақтап, жақсы естеліктердің жаднамасына айналады. "Туркуаз" топтамасымен шөліркеген көңіліңізді шалқытып, бел белестерді еңсеріңіз, шаңырағыңызда отырып-ақ шартарапқа шарықтаңыз, қадірменді ағайын!