ИМПЕРИЯ ПОДАРКОВ.
20 лет визитная карточка Казахстана

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

NAURYZ шай салатын сауыт

Артикул: Cnstr-Rag
15 000 ₸    Қоржынға KASPI

    • NAURYZ топтамасы - жаңару мен қуаныштың, жаңғырудың белгісі, Ұлы көктем мерекесінің шынайы рухы.
    • Наурыз - табиғат оянып, адамдар жаңа жылдың басталуын, жаңа көкжиектердің ашылуын тойлайтын көктемгі күн мен түн теңелуінің көне мерекесі.
    • Қазақ халқы Наурыз мерекесі кезінде бір-бірін құттықтағанда: ырыс берекесі мол жыл болсын деген тілектерін "Ақ мол болсын!" деп айтатын. Қазақ мәдениетінде ақ түс - молшылық пен жақсылықтың нышаны. Бұл қазақ дастарханының көркін келтіретін сүт тағамдарының түсі. Мереке кезінде ақ дастархан жайылып, келіннің басына ақ орамал тартылған.
    • Реңкі аппақ фарфор - дәстүрлі құттықтаудың заманауи көрінісі секілді.
    • Бұл топтама дизайнына негіз болған қазақтың дәстүрлі құрақ құрау өнері. Құрақтың әрбір бөлігі табиғат пен заманауи формалардың бірлігін бейнелейтін, өсімдік және геометриялық өрнектердің үйлесімді симбиозымен безендірілген.
    • NAURYZ топтамасындағы шай салатын сауыт - көктемнің тынысын бойына сіңірген әсем жәдігер. Ол тек шай сақтайтын ыдыс емес, әр сәтте шынайы байлықтың мәнін - жақындармен бөліскен жылылық пен мейірімде екенін еске салатын мейір нышаны.

Топтама NAURYZ
МатериалыPremium Porcelain кәрлені, алтын деколь, табиғи минералды бояулар.
ӨлшеміДиаметрі 11 см, биіктігі 17 см.

Дүкендерде қолжетімділік