СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Қонақжайлылық суретінің репродукциясы (Нелли Бубэ)

Артикул: RP-NBH-3360-1313T/KZ
34 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Топтама: Гостепримство Р
    Материалы: Кенепке басылған түрлі-түсті сурет.
    Өлшемі: 70*55 см.

    Қонақжайлылық - қазақ халық мақалының керемет суреттемесі: "Қонақ келсе - өзімен ырыс алып келеді". Біздің халқымыздың бойында керемет жайдарылық мінез жатыр. Қазақ үшін үйге қонақ келсе - үлкен қуаныш. Суретте қазақ киіз үйінде қонақтарды қабылдау дәстүрі бейнеленген. Бұл еңбек қазақстандық суретші Нелли Бубэге тиесілі. Оның туындылары - таланттың, қазақ халқының мәдени мұрасын көп жылдық зерттеу нәтижесінің және жеке шығармашылық тәжірибенің тұтас құймасы іспеттес. Бұл еңбек суретшінің ең сүйікті түстік реңдерінде орындалған - қызыл, қоңыр және қола түсті реңдерге алтын жалатылған. Бұндай гамма тұрғын үйдің байлығы мен молшылығын ғана емес, үй иесінің кең пейілі мен қонақжайлылығын да бейнелейді. "Қонақжайлылық" суреті - қонақжай үйдің иелеріне арналған керемет сыйлық. Осы сыйлықпен бірге сіздердің шаңырақтарыңызға құт-береке және бақыт кірсін. Сурет кенепке толық түсті басу технологиясы бойынша орындалған және жоғары сапалы қолдан жасалған багеттен жақтау салынған.