СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Әке тағылымы панносы

Артикул: FandS_568/KZ
74 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Топтама: Әкеден ұлга
    Материалы: полистоун, қолмен боялған, киізге басылған сурет.
    Өлшемі: 500х500 мм.

    Танымал қазақ суретшісі Ералы Оспанұлының туындысы бойынша жасалған панноны назарларыңызға ұсынамыз "Әке көрген оқ жонар" деген қазақ мәтелі бар. Әр ер адам ұл өсіруді, оны Отанын, өз отбасын қорғауға қабілетті азамат етіп тәрбиелеп шығаруды өз борышы санайды. Адам ұрпағымен мың жасайды емес пе. Ералы Оспанұлы осынау өз шығармасында ұрпақтар жалғасын көрсете білді. Суретші екі адамның ұқсастығын саналы түрде ашып көрсеткен. Бірдей бет пішіні, дене қозғалысы, күш, қысыңқы қабақтың астындағы қаталдық. Қоңыр-құм түсті реңдер картинаның идеясын анық береді, көрерменге қатал, бірақ туған, сүйікті сахараны бейнелейді. Әке тағлымын алған бала болашақта қолына найза алып, атқа қонып, халқының нағыз қорғанышы болады. Бұндай панно әке мен бала үшін керемет сыйлық болмақ.