СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Билік нышандары топтамасынан Аса таяқ таяғы

Артикул: Scptr_2022
659 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Материалы: Алтын жалатылған металл, күңгірт түсті эмаль, Swarovski кристалдары
    Өлшемі: Аса таяқтың өлшемдері: 60x42x380 мм. Тұғырдың өлшемдері: 248x108x83 мм.

    Ежелгі дәуірде билеушілер дәстүрлі ерекше белгілерге - шексіз биліктің нышандарына ие болатын. Олардың ең көнелердің бірі – аса таяқ. Ол Египет перғауындарынан шыққан, кейін оны ежелгі гректер мен римдіктер, одан кейін еуропалықтар, шығыс халықтары қабыл алған. Қазақтар билік таяғын Аса таяқ деп атаған, бұл үстіңгі бөлігінде темір сақиналары мен салпыншақтары бар аса болған. Ол береке мен байлықты бейнелеген. Мұндай аса таяқтар әсем безендіріліп, материалдық, рухани және мәдени мұралар сабақтастығының белгісі ретінде отағасына табыс етілетін. EMPIRE ұсынған Аса таяқ – бұл қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпын ескере отырып жасалған бірегей туынды. Ойланып жасалған және мұқият өңделген әшекей элементтері, аса нәзік зергерлік нақыштардың асыл тастармен үйлесімі керемет ансамбль құрайды. Аса таяқтың үстіңгі бөлігі қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі түрінде найзаның ұшының сұлбасын қайталайды Бұйым алтын жалатылған металдан, күңгірт түсті эмальдан жасалған және Swarovski кристалдарымен әшекейленген. Бұл шын мәнінде отбасылық құндылықтарды және ұрпақтар арасындағы байланысты сақтауға арналған, отағасына лайықты патша сыйы.