EMPIRE OF GIFTS. 20 years of being the hallmark of Kazakhstan

Көктем суретінің репродукциясы (Ағымсалы Дүзелханов)

Артикул: Rp-Ves-BG-GE111-731-B/KZ
27 920 ₸    34 900 ₸ Қоржынға KASPI

    • Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткері, дарынды суретші Ағымсалы Дүзелхановтың туындысының репродукциясы. Суретшінің шығармашылық мәнері жарқын кескіндемемен, қанық түстермен, экспрессия мен динамикамен ерекшеленеді.
    • Соның жарқын мысалы - "Көктем" картинасы. Ол табиғаттың жаңаруына алып келген көктемнің жайма-шуақ күнін сипаттап, көрерменге сұлулық пен қуаныш, бақыт сыйлайды. Гүлге толған дала түсінде ойнақтап жұрген құралайлар мен аспанда қалықтаған қарлығаштар бас кейіпкерлер - көркем бойжеткендердің ерке мінезі мен сұлулығын толығтыра түседі.
    • Суретші өз туындыларындағы қазақ қыздарының образына өзінің сүйген жарының арқау болғанын мойындайды. Дегенмен портреттік ұқсастықтан ада, бет-әлпеттері сәл бұлыңғырланған кейіпкерлерден әркім өз сүйіктісін көре алады. Репродукция әдемі қолдан жасалған багетпен жақтаушаланған. Ол жақсы көңіл-күйді, көктемгі құстардың сайрауы мен гүлдердің нәзік хош иісін сыйлап, Сіздің өміріңізге жаңа әрі әдемі өзгеріс әкеледі.

Топтама Қазақ эпосы
МатериалыКенепке басылған түрлі-түсті сурет.
Өлшемі550x700 мм.
ҚаптамаСыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік