Ежелгі сенім бойынша Рух та үнемі қозғалыста, мәңгілік көшіп жүреді екен. Көшпенділердің барлық нанымдары осы бір Өмір-өзенді қастерлеу болып табылады. Қазақ халқының қандай да болмасын әдет-ғұрпы Қозғалыстың кез келген түрімен сыйласып, құрметтеуімен байланысты. Көшпенділер Өмірді көктен бастау алатын ағыс, өзен, мәңгілік жол деп болжаған. Олар Көктегі Өмір ағашында оның жапырақтары секілді рухтар өмір сүреді, олар Құт (Құдайдың берген берекесі) түрінде жерге түсіп, осында жерден жаралған денесінде өмір сүреді, жердегі бейнесі қартайып, рухына масыл бола бастаған кезінде қайтадан көкке аттанады деп сенген.
Сурет авторы: Ирина Дручинина.