Панно атақты суретші-график, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Исатай Исабаевтың (1936-2007) туындысы негізінде жасалған.
Суретте қазақтың дәстүрлі айтыс өнері бейнеленген, онда екі ақын өзара еркін тақырыпқа айтысады. Айтыс өнері өз бойына бірнеше өнерді сіңірген, мұнда ақындық, музыка, драмалық көрініс пен орындау шеберлігі үйлескен. Қарапайым халықты музыканың "сиқырлы әуеніне" баулаған, асқақ өнер иелері атанған ақындар халық арасында ерекше құрмет пен ілтипатқа бөленген, олар үнемі ел назарында болып, оның арман-тілегі мен қайғы-қасіретін жырлаған.