СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Абай суретінің репродукциясы

Артикул: Abay1_BG-GE111-731-B/KZ
34 900 ₸    Қоржынға

Танымал қазақ суретші-графигі Исатай Исабаевтың аталмыш туындысының репродукциясы. И.Исабаев графикалық эстамптың барлық түрлерін - ксилография, линогравюра, офорт әдістерін жетік меңгерген маман. Ол өз шығармаларында аталмыш техникаларды шебер қолданады. Түрлі-түсті суреттен гөрі бір түсті (монохромды) графикаға баса назар аударатын суретші өз шығармаларында кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесін анық жеткізіп, суретке ерекше мән-мағына береді. Назарыңызға ұсынып отырған репродукция ұлы ойшыл, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы классик ақын Абай Құнанбайұлы бейнеленген линогравюраның көшірмесі. Суретте Абайдың шығармашылық сәті бейнеленген: қалам ұстаған қолы қағаз бетінде бір мезет тоқтап қалған, ал ақынның жанары алыс жаққа ой кезіп кеткендей... Айнала табиғаттың көркемдігінен ләззат алып, жаңа бір өлең жолдарын жазып отырған сәт пе екен? Әлде ұлттың болашағын ойлап, "қара сөздерін" қағаз бетіне түсіріп отыр ма екен?... Репродукция интерьерге сән беріп, қазақ мәдениетін бағалай білетін кез-келген адамға керемет сыйлық болары сөзсіз.

Топтама Абай
Өлшемі55х75см

Дүкендерде қолжетімділік

Ұсыныстар