Ежелгі дәуірден бері анар барлық жемістердің патшасы саналып келеді. Өйткені көне шеберлер анар жемісіне қарап патша бас киімінің формасы - тәжді алғаш жасап шығарды. Мұнымен қоса, анарды өмір өрнегі мен отбасы ауқатының, уақыт ағысында қайта өрлеу мен жаңарудың нышаны ретінде қабылдап, таңғажайып жемісте қандай көп дән болса, сонша бақытты күнің көп болсын деген тілеумен сыйлыққа ұсынды.
Premium Porcelain маркалы кәрленнен дайындалған Anar топтамасынан саптыаяқ жинағы қолдан арнайы боялып, алтын декольмен өрнектей жасалған. Ыдыс жиынындағы ғажайып гүлдер, жемістер мен анар дәндері өнімнің бетіне күлгін өң бере жарқырап, лағыл мен алтынның барлық реңдерін аша мерекені бақыт қонған мәре-сәре шаттық ұясына айналдырады.
Сайып келгенде, Anar топтамасынан саптыаяқ жинағы - заманауи кезеңмен астасқан шығыстың бірегей мәдени тереңдігі мен салтанатын білдіретін таңдаулы сыйлық болары сөзсіз.