СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Қалыңдық панносы

article: Klndk-568/KZ
84 900 ₸    Себет KASPI

    • Ғұмырлық жолдасымен өмір даңғылына қадам басуды көздеген қалыңдықтың көңіл толқынысы, жан тебіренісі, өскен өңір, туған үйінен жырақ кетіп, жаңа отаудың құтанасына айналуы - "Сыңсу" әнімен әуеде қалықтап, бақыт бекетіне жол тартады.
    • Қазақ дәстүрінде әшекейлі сәукеле киіп, келін атану - қызғалдақ қыз-ғұмырдың ерекше нұрлы сатысы. Балалық бал-дәуренмен қош айтысып, өмір өткелінің келесі нүктесіндегі киелі "ошақ иесі" атандырар қастерлі құбылыс.
    • Қалыңдықтың іңкәр сезімі, тұнық көңілі, отағасының айнымас серігіне айналып, әулет көрігі атануы - бар қазақ қызына тән абырой-мақтанды бір ортаға тоғыстырған басты міндет. Сөзсіз, қалыңдық - келешек ұрпақ анасы, ұлтымызды ұлылыққа жетелер алыптар тізбегінің туындыгері.
    • Панно танымал қазақ суретшісі Ералы Оспанұлының туындысы негізінде жасалған.

жинақ Халық рухы
материал полистоун, қолмен боялған, киізге басылған сурет.
өлшем 52х44 см.
орау Сыйлық қаптама.

Дүкенде қолжетімділік