СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Nauryz вазасы, шағын нұсқасы

Артикул: Vs-Nrz19
13 000 ₸    Қоржынға KASPI

    • NAURYZ топтамасы - жаңару мен қуаныштың, жаңғырудың белгісі, Ұлы көктем мерекесінің шынайы рухы.
    • Наурыз - табиғат оянып, адамдар жаңа жылдың басталуын, жаңа көкжиектердің ашылуын тойлайтын көктемгі күн мен түн теңелуінің көне мерекесі.
    • Қазақ халқы Наурыз мерекесі кезінде бір-бірін құттықтағанда: ырыс берекесі мол жыл болсын деген тілектерін "Ақ мол болсын!" деп айтатын. Қазақ мәдениетінде ақ түс - молшылық пен жақсылықтың нышаны. Бұл қазақ дастарханының көркін келтіретін сүт тағамдарының түсі. Мереке кезінде ақ дастархан жайылып, келіннің басына ақ орамал тартылған. Реңкі аппақ фарфор - дәстүрлі құттықтаудың заманауи көрінісі секілді.
    • Бұл топтама дизайнына негіз болған қазақтың дәстүрлі құрақ құрау өнері. Құрақтың әрбір бөлігі табиғат пен заманауи формалардың бірлігін бейнелейтін, өсімдік және геометриялық өрнектердің үйлесімді симбиозымен безендірілген.
    • Nauryz вазасы - табиғаттың оянуы мен өмірдің жаңаруын бейнелейді. Ал сұлбасынан көктемнің нәзік тынысы мен жарық шуағы сезіледі.

Топтама NAURYZ
МатериалыPremium Porcelain кәрлені, алтын деколь, табиғи минералды бояулар.
Өлшемі19 х 11 см.
ҚаптамаСыйлық кейс

Дүкендерде қолжетімділік

Топтама

NAURYZ

NAURYZ топтамасы үйге шаттық, жылулық және көктем мерекесінің жайдарлы көңіл-күйін сыйлайды.

Посмотреть