EMPIRE OF GIFTS. 20 years of being the hallmark of Kazakhstan

Sattilik панносы

Артикул: 26PnTlpPuSu100
129 000 ₸    Қоржынға KASPI

    • Көшпенділер үшін тұлпар жол серігі ғана емес, сенімді қанаты, қиын сәтте сүйенер тірегі болған. Күшті де төзімді сәйгүлік алыс сапардың сәтті өтуіне, сын сағатта кедергілерді еңсеріп, жеңіске жетуге жол ашқан. Осындай арғымаққа ие болудың өзі үлкен артықшылық әрі ерекше бақ саналған.
    • Сондықтан қазақ халқының дүниетанымында жылқының орны қашанда бөлек. Тұлпар бейнесі мен ат әбзелдерінің нақыштары ұлттық әшекейлер мен ою-өрнектерден көрініс тауып, күш-қайраттың, жүйріктік пен еркіндіктің, бақ-береке мен ақ жолдың нышанына айналған.
    • Қазақ ұғымында сәттілік - жолыңның ашылып, ісіңнің оңға басуы, алға қойған мұратыңа жету. Осы ізгі тілектен туған Sattilik панносы - өмірлік қуат, әр бастаманың сәттілігі мен жарқын болашаққа деген ақ тілекті жеткізетін ерекше сый. Sattilik - сәттілік әрдайым серігіңіз болсын!

Топтама Tulpar
Материалы металл, 3D басып шығару
Өлшемі 81х101х5см
Қаптама Киізден жасалған сөмке

Дүкендерде қолжетімділік