Empire

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Altyn banknot 20 000 tenge панносы

Артикул: B20KH2026-MiP/FS
59 900 ₸    Қоржынға

    • Altyn Banknot 20 000 Tenge панносы - ұлттық банкноттың бейнесі арқылы Қазақстанның ғасырлар қойнауынан жеткен мәдениетін, көркем мұрасын, ерекше эстетикасын, ырыс пен ынтымақ, дәулет нышаны арқылы көрсететін ерекше туынды.
    • Ғажайып көркемдігі мен қолданылған терең концептуалды амалдар үшін әлемдік сарапшылар Қазақстан банкноттарын көп жылдан бері айрықша атап келеді. Жай ғана ақша белгісі ретінде емес, елдің тарихын символдар, оюлар және табиғат бейнелері арқылы айтып беретін өнер туындысы десе де артық болмас.
    • Altyn Banknot 20 000 Tenge панносы осы эстетиканы сақтай отырып, оны кеңістік дизайнының көз тартарлық тамаша элементіне айналдырады. Жаңа үлгідегі банкноттың сырт бетіндегі шауып келе жатқан ат Ұлы даланың негізгі нышандарының бірі - қозғалыс, күш, еркіндік және алға бағытталған ұмтылыстың нышаны. Металлдың жарқыраған әдемі элементтері тереңдік беріп, ал қызғылт алтын түсті айна паспарту композицияның асыл сипатын баса көрсетеді.
    • QAZAQSTAN топтамасына кіретін бұл панно елдің маңызды нышандарын қазақ өнерінің эстетикасы арқылы ашып, тарихи мәдени мұра мен заманауи шешімдердің біріккен көрінісі арқылы көрсетеді.

Топтама Алтын карта
Материалы Ағаш жақтау, қызғылт алтын түстес айналы тот баспайтын болаттан жасалған төсеніш, толық түсті фольгадан жасалған басылым.
Өлшемі 300x220х29 мм
Қаптама Сыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік