СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз
+7 (771) 553 03 03
+7 (771) 993 93 03
КЕСЕ
ТӘРЕЛКЕ
ДЕСЕРТ ТҰРҒАУЫШЫ
Кәрлен жинағының дизайны қазақтың дәстүрлі зооморфтық, геометриялық және өсімдік типті оюларынан құрастырылған күрделі өрнектің негізде жасалып, ұлттық "Алаша" кілемінің стилизациялық бейнесін қайталайды. Бір қарағанда сурет біртұтас өрнек секілді көрінгенмен, оның әрбір элементі көшпенді мәдениетінің дүниетанымына негізделген байырғы мән-мағынасын сақтап қалған. Қазақ ою-өрнектерінің басты элементтерінің бірі - мүйізге ұқсас зооморфтық сурет. Дәстүрлі тұрмыстық бұйымдарды өрнектеуде көбіне кездесетін "Қошқар мүйіз" (кейде "Арқар мүйіз") байлықты сипаттап, Көктен құт-береке тілеудің өзіндік бір нышаны. Сонымен қатар ежелгі "Сақтардың аң мәнері" өнерініен бастау алып, қазақтың ұлттық өнерінің ажырамас бөлігіне айналған космогониялық, геометриялық және өсімдік типті өрнектер де көп кездеседі.
Жиынтық құрамы 8 түрлі тәрелкелер, 3 түрлі салат ыдыстары, тұздық қайықтары, үш кесесі бар тұздық науалары, 2 түрлі шәйнектер, сүт құмыралары, қант ыдыстары, тостағандар, тәрелкелері бар шай кеселері, тіс шұқығыштар, тұз шайғыштар және бұрыш шайғыштар.
Шығыстың шырайлы бояуымен әрленген ежелгі символдар ALASHA топтамасында
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam,